Accessibility links

Беларусь оппозициясының 100-деген өкілі ұсталып, бесеуі – 10-15 тәулікке абақтыға жабылды


МИНСК. Кеше Минск қаласының соты наразылық митингісіне қатысқан 5 адамды 10-нан 15 тәулікке дейін абақтыға жабу туралы шешім шығарды. Олардың барлығы – 7-нші сәуірде, яғни А.Лукашенконың президент міндетін атқаруға ресми түрде кіріскен күні – соңғы президент сайлауының ресми қорытындысына қарсы жаппай наразылыққа қатысқан Консервативтік христиан партиясының мүшелері болды. Беларусь оппозициясы сайлаудың қорытындысы өрескел бұрмаланды деп санайды. Көп күн жалғасқан жаппай наразылық шарасы кезінде оппозицияның 100-деген өкілі ұсталды. Кеше Еуроодақ президент сайлауының қорытындысын бұрмалауына қарсы А.Лукашенко мен тағы 30 беларусь өкіліне виза бермеу туралы шешімді мақұлдады. Ресми Минск бұл шешімді “түкке тұрмайтын шешім” деп бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG