Accessibility links

Парламент сайлауында бақталасушы жақтардың бірі де айқын басымдыққа жете алмады


РИМ. Италиядағы парламент сайлауында кімнің жеңіске жеткені әлі де белгісіз. Солшыл-центристік саяси блоктің лидері, Еурокомиссияның экс-президенті Романо Проди өзінің жеңіске жеткенін мәлімдесе, премьер-министр Сильвио Берлусконидің өкілі оған дау айтып отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, С.Берлусконидің оңшыл-центристік коалициясы парламенттің жоғарғы палатасында, ал Р.Проди – төменгі палатасында аз ғана басымдыққа ие болатын тәрізді. Бірақ ешбір жақ та 2 палатада айқын басымдыққа қол жеткізе алмады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 2 күндік парламент сайлауында 80 пайыздан астам сайлаушы дауыс берді.
XS
SM
MD
LG