Accessibility links

Бішкекте қырғыз-американ байланыстары қаралды


АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Ричард Баучер Бішкекте Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен Құрама Штаттар мен Қырғызстан қарым-қатынасын, экономикалық және саяси реформаларды талқылады. Баучер одсыған дейін бұл мақсаттарға жету үшін Американ қолдауы болады деп сөз берген. Ол Қырғызстан жетекшілігі үшін реформалармен алға қарай жүретін кез келді деді.

“Менің пікірімше, әрбір адам Қырғызстанға жаңа Конституция қажет екенімен келіседі. Ескі конституцияда барлық билік президентпен шектелетіндей көп өзгерістер жасаған. Сондықтан, сіздер осыны жасауыңыз керек, сізге бұл процесті аяқтау қажет, үкіметтегі биліктің тепе-теңдігін реттеп, олардың әрқайсының тәуелсіз әрекет ете алатынын қамтамасыз ету керек”, - деді Р.Баучер.

Бұл сөйлесулер президент Құрманбек Бакиевті өз елінде және сырт жақтан да берілген уәде бойынша жасалуы тиіс Конституциялық реформаны жүзеге асырмай келеді деген сындарымен қатар келіп отыр. Баучер сонымен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен де кездесті. Оның осыған дейін, Орта Азиядағы Қазақстанның алдында Ауғаныстан, Пәкістан, Үндістанға сапары болды.
XS
SM
MD
LG