Accessibility links

Романо Проди одағы сайлауда Сиьвио Берлусконидің алдына шықты


Италияның парламенттік сайлауында Романо Продидің солшыл орталық одағы жеңіске жетті, ал оның бәсекелесі премьер министр Сильвио Берлускони өз жеңілісін мойындаудан бас тартты. Сайлаудың ресми қортындысын көрсеткен Ішкі істер министрінің мәліметіне қарағанда, Продидің коалициясы парламенттің екі палатасындағы орынды басымдықпен жеңіп отыр. Енді қалғанын Италияның жоғары соты шешетін болады. Берлускони болса, дауыстарды санау кезінде заңсыздықтар болды деп, сайлау қорытындысына күдікпен қарап отыр. Ол сондай-ақ, ұлттық бірігей үкімет жасақтауда, өзінің одағы мен Продидің солшыл орталық блогымен бірігіп, бірге жұмыс істеуді ұсынған. Проди оның ол ұсынысын қабылдамады. Продидің одағы Берлускониді сайлау қорытындысын жоққа шығарды деп айыптады.
XS
SM
MD
LG