Accessibility links

Мысыр елінде Ирақ мәселесі жайында жиын болады


Бүгін Араб елдерінің сыртқы істер министрлері Ирақтағы жағдайды талқылау үшін Қайырда кездесу өткізеді. Ирақтың өтпелі үкімет басшысы Ибрахим ал Жаафари таяуда Мысыр президенті Хосни Мүбарактың ирақта азаматтық соғыс басталды деген мәлімдемесіне байланысты, Ирақ ол кездесуге бармайды деп айтты. Ресми Мысыр болса, Ирақтың бұл жиынға қатыспау жөніндегі шешіміне қарамастан, кездесу өтеді. Онда Ирақ мәселесі турасында Араб елдерінің жаңа стратегиясын жасау көзделіп отыр. Оның ішінде, Ирақта Араб елшіліктерін қайта ашу мәселесі көтеріледі.
XS
SM
MD
LG