Accessibility links

Баспасөзге шолу. 04.13.2006 жыл

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Бейсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдар белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің озбырлықпен қлтірілгендігіне екі ай өткендігіне байланысты мақалалар жарық көріпті. Кейбір басылымдарда Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін өлтіруге қатысы болуы мүмкін күдіктілердің бірі ретінде қамауға алынған Ибрагимовтың барлық кінаны өз мойнына алудан бас тартып отырғандығы баяндалыпты.

“Түркістан” және “Жас Алаш” басылымдарының ақпараттар ағымында биылғы өткен “Алтын жұлдыз” байқауындағы “Алтын самұрық” силығының белгілі қоғам қайраткері, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы мен депутат Ғаділбек Шалахметовқа берілгендігі хабарланыпты. Бұл силықты Қазақстан журналистер академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев марқұмның жары Салтанат пен бауыры Рысбекке табыс етіпті. “Алтын самұрықты” қабылдап алған Рысбек Сәрсенбайұлы “мұны журналистер қауымының саналы түрде жасаған ізгілікті қадамына балапты.

Сонымен қатар “Жас Алаш” басылымы белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің озбырлықпен өлтірілгендігіне екі ай өткендігіне айрықша тоқталып, газет бетінде осыған байланысты мақалалар топтамасын ұйымдастырыпты. Атап айтқанда, газет бетінде жарияланған “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағасы Болат Әбіловтың сұхбатында Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың “күдіктілердің бәрін де шеніне де, шекпеніне де қарамай сұраққа аламыз” деген сөзі мысалға келтіріліп, жұрттың бәрінің оған “генерал Дүтбаевтан жауап ал” деп отырғандығы айтылыпты. Сондай-ақ “Жас Алаш” газетінде президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтың белгілі саясаткер Алтынбек Сәренбайұлы мен оның екі көмекшісі озбырлықпен өлтірілгеннен кейін өзінің атына байланысты айтылған кейбір айыптауларға қатысты сотқа шағым түсіргендігіне орай берген қысқа сұхбаты жарияланыпты. Газет тілшісіне берген сұхбатында президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өлімінен кейін, алғашқы уақытта өз атына айтылған сындарға түсіністікпен қарауға тырысқандығын айтыпты. Өз сөзінде президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев елдегі тыныштықты бұзғысы келетін түрлі күштер өсек-аяңын жалғастыра беретін болса, заңға бағынатын азамат ретінде әлемдік тәжірибеге сәйкес құқықтық көмекке жүгінетіндігін ескертіпті.

“Время” газетінің тілшісі Генадий Бендицкий болса белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өлімінен кейін отсавкаға кеткен генерал Нартай Дүтбаевтың Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті академиясының бастығы болып тағайындалғандығын тілге тиек етіпті. Осыған орай журналист Генадий Бендицкий сәуірдің 7 інен 12 іне шейін Нартай Дүтбаевпен байланысқылы келгендігімен, ол әрекетінен еш нәтиже шықпапты. Сондықтан ол “Время” газеті арқылы генерал Нартай Дүтбаевқа бірнеше сауал қойыпты. Атап айтқанда журналист Генадий Бендицкий президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның “Караван” газетінде жарық көрген мақаласында Нартай Дүтбаевтың президентке бұл өлімге оның отбасы мүшелерінің қатысы бар деп айтты деген сөздерінің қаншалықты шындыққа жанасатындығының себебін сұрап, мұндай ауыр айыптауларды Мемлекет басшысына айту үшін оның қолында қандай нақты дәлелдер болғандығын сұрапты. Материалдың соңында берілген түсініктемеде бұл сұрақтардың бәрінің “Время” газетінің атынан генерал Нартай Дүтбаевқа жолданған ресми сауал ретінде қабылдауына болатындығы ескертіліпті. Барлығы “Время” газеті арқылы Нартай Дүтбаевқа 9 сұрақ қойылыпты.

“Свобода слова” газетінде жарық көрген ақпараттар ағымында Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін өлтіруге қатысы болуы мүмкін күдіктілердің бірі ретінде қамауға алынған Ибрагимовтың барлық кінаны өз мойнына алудан бас тартып отырғандығы баяндалыпты. Газет тілшісінің хабарлауынша Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін өлтірерден бір ай бұрын Ибрагимов Алматы қаласындағы қымбат мейманхалардың бірінде президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевпен кездесіпті. Сондай-ақ “Свобода слова” басылымында президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтың 7 сәуірде Еуроодақ делегацияларымен болған кездесуде осы мәселеге байланысты Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қойылған сауалдарға жауап беруде қашқалақтағандығы айтылыпты.
XS
SM
MD
LG