Accessibility links

Өзбекстан соты оппозиция жетекшісі Санжар Умаровтың түрмеге жабылған мерзімін қысқартты


Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйым Хьюман Райтс Уотч-тың өкілі Андреа Бергтің айтуынша, “Санжар Умаров 10,5 жылға сотталған еді, енді рахымшылық жасалып, оның жазасын өтеу мерзімі 7,8 ай болды”. Хьюман Райтс Уотч өкілі Умаровтың денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, оппозиция өкілі өзін сот отырысында біртүрлі оғаштау ұстаған. Құқық қорғаушылар, Умаровқа психотроптық заттар әсер еткен болуы керек деп отыр. Оппозиция өкілдері Санжар Умаров Әндіжан оқиғасына қатысты билікті сынағаны үшін түрмеге жабылды деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG