Accessibility links

Ақ үй: «АҚШ президенті қорғаныс министріне сенеді»


Ақ үйдің айтуынша, АҚШ президенті Буш осы кезге дейін елдің қорғаныс министрі Д.Рамсфельдтің жұмысына сеніммен қарайды екен. Бұл жөнінде Ақ үй өкілі МкКлеллан былай деді:

- АҚШ халқы тарихындағы жауапты кезеңде Рамсфельдтің тамаша жұмыс атқарғандығына президент Буш сенімді. Бұл қорғаныс министрінің арқасында соңғы екі соғыс нәтижесінде Ауғанстан мен Ирақта 50 млн-дай адам азаттыққа ие болды.

Дегенмен, демалыстағы американдық алты генерал, Ирақтағы соғыс және басқа кемшіліктеріне байланысты, Рамсфельдтің қызметтен кетуін талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG