Accessibility links

АҚШ-тағы азаматтық саладан келген әскери басшылар жөнінде пікір қандай?


АҚШ Конституциясы бойынша Армия басшылығына азаматтық саладағы жетекшілер тағайындалады. Оған себеп, мамандығы әскери емес азаматтар әскери операцияларға онша құштар емес деген түсініктен. Дегенмен, бұл мәселеге байланысты қазірде американ қоғамында түрлі дау-дамайлар айтылып жатыр.

Сәуірдің 2-аптасынан бастап АҚШ-тың Иранға қарсы ықтималды әскери шабуылы жөнінде БАҚ-дарында түрлі әңгімелер жариялана бастады. Бірақ президент Буш ол хабарларға бірден-ақ өз жауабын айтып үлгірді.

- Иран туралы соңғы аптадағы мақалаларды оқыдым. Өте жабайы ойлар айтылыпты. Мұндай нәрсе астаналық қалада әдетте жазылып жатады, - деді президент Буш.

Ақ үй негізгі дұрыс жол дипломатия дейді, бірақта үстелдегі қағазда тіркелген бағдарламада әрқашан әскери шара да тұратындығы белгілі. Ал Иранға қарсы АҚШ-тың ықтималды шабуылы жөнінде «Нью Йоркер» журналында жарияланған мақаладан кейін ол мәселе көпті ойландырып тастады.

«Нью Йоркер» журналы, есімі аталмаған ресмилердің айтқанына сүйеніп, АҚШ әкімшілігі Иранның ядролық бағдарламасын жою мақсатында жоспар дайындап отыр екен деген хабар таратқан болатын. Журналдың жазуынша, Иранға қарсы шабуыл жоспарының бірінде бомба пайдаланылады деген тұс та болған екен. Осыған байланысты, кейбір әскери сарапшылар азаматтық саладағы жетекшілер әскери басшылықтан да қырағы деген пікірді айтып отыр.

Колин Пауел Қорғаныс министрі қызметінде болған 2001-2005 жылдары жұмыс істеген полковник Ларри Уилкерсонның айтуынша, азаматтық саладан келген Қорғаныс министрі Рамсфельд және вице-президент, бұрынғы қорғаныс министрі Дик Чейни президент Дж.Бушты өзінің сыртқы саясатын іске асыру үшін әскери күшті пайдалануға мәжбүрлеп келген.

- Доналд Рамсфельд өзіне қажетті билік күшін жинап алды. Ал оны Ақ үйде тұратын бұрынғы қорғаныс министрі, АҚШ тарихындағы ең құдіретті вице-президент Дик Чейни қолдап келеді, - дейді Уилкерсон.

Бірақ, полковниктің Вашингтонда, Таяу шығыс институтында тұрып айтқанындай, Дж.Буш әскери шараға баруға мәжбүр болып отырған жалғыз президент емес екен. 1990-жылдары сол кездегі президент Клинтонға оның мемлекеттік хатшысы М.Олбрайт та әскери шабуыл жөнінде талай ұсыныс жасапты.

– Мадлин бізді соғысқа жібермекші болды. Бірақ біз қантөгісті, өлуді қаламадық, - дейді АҚШ-тық бұрынғы офицер.

Ал демалыстағы барлау офицері, полковник Аллардтың айтуынша, әдетте Пентагон өз қызметкерлерін қорғап, қолдауды назардан тыс қалдырмайды. Олар көбінесе зейнет жасына дейін қызметте қала береді. Бірақ соғысқа баруға ынталы емес. Полковник Аллард та Доналд Рамсфелдтің іс-тірлігіне сынмен қарайды.

- Рамсфельд әскерлерге емес, технологияға сенеді. Мысалы, Ирақтағы біздің әскеріміз жеткілікті емес. Әскерлер орындайтын нәрсені әскери техника жасай алады дейді Рамсфельд. Бұл сонда не болғаны? – дейді демалыстағы барлау қызметі офицері.

Соңғы айлардың өзінде демалыстағы бірнеше генерал Рамсфельдтің қызметтен кетуін талап етті. Ирақта 1-дивизияны басқарған генерал-майор Баптисте болса, CNN телеарнасына айтқан сөзінде: «Пентагонга ұжымдық жұмысты білетін жаңа жас тұлғалар қажет» деген. Дегенмен Рамсфельдті қолдайтын, біріккен күштер штабының бастығы Питер Пейс секілді генералдар да баршылық дейді, талдаушы.
XS
SM
MD
LG