Accessibility links

Қырғыз парламенті Е.Байсаловқа шабуыл жасалған оқиғаны тергеуді өз бақылауына алды


Қырғызстандық адам құқын қорғаушы белсенді Еділ Байсаловқа қарсы сәуірдің 12 күні жасалған шабуылды тергеп-тексеруге бақылауды Қырғызстан парламенті өздері алып отыр. Парамлент құқық қорғаушы органдардың оқиғаны тергеу барысындағы деректерін тікелей комитетке хабарлап тұруын сұрады. Бішкек қалалық прокуроры Ұшқын Каримов мұнда шабуылға түрткі болған үш түрлі болжам бар деген.

“Бұл жағдайға байланысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Біріншісі, қылмыс Еділ Байсаловтың саяси және қоғамдық белсенділігіне қатысты. Екіншісі, тонау мақсатындағы бұзақылық және үшіншісі, бұл шабуыл жәбірленушіге деген жеккөрушіліктен тууы мүмкін”, - деді прокурор.

Демократия және азаматтық қоғам үшін атты ұйымның басшысы Байсалов үкімет құрамында қылмыстық топ өкілдерінің қызмет етіп жатқанына қарсы шерулер ұйымдастырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG