Accessibility links

Ирақта шабуылдар жалғасып жатыр


Бағдадта бүгін мәшинеге қойылған бомба жарылып, кемінде үш адам қаза тапты, жиырма шақты адам жараланды. Оның алдында Бағдадта Ирақ әскери патрулінің жанында жолға қойылған бомба жарылды, үш сарбаз жарақат алды, бірнешеуі жараланды. Фәллуджа қаласында көтерілісшілер мен әскер арасында қақтығыс болды, кемінде бір бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды. АҚШ әскері Анбар провинциясында көтерілісшілерге қарсы шайқаста екі сарбазымыз қаза тапты деп жариялады. Мұның сыртында 22 сарбаз жараланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG