Accessibility links

Непал патшасына қарсы демонстрация жалғасты


Непал астанасы Катманду қаласында Гыанендра патшаға қарсы демонстрация бүгін тағы жалғасты, оған бірнеше мың адам қатысты. Гыанендра патша осыдан 14 ай бұрын үкіметті таратып, бар билікті өзіне қаратып алған еді. Непал оппозициясы бастаған демонстрациялар бір апта жалғасып жатыр, қақтығыстар барысында кемінде төрт адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды. Гыанендра патша сайлау өткіземін деп осы аптада уәде айтып еді, оппозиция оған құлақ аспай, ереуілді одан ары жалғастыруға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG