Accessibility links

Мысырлық мұсылмандар мен христиандар арасында қақтығыс болды


Александрия қаласында мұсылмандар мен христиандар арасында қақтығыс орын алып, полиция оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған. Хабарларға қарағанда, 30-дай адам жараланған. Дінаралық қақтығысқа себеп - жұма күні ақыл-есі кеміс бір мұсылманның христиан шіркеуіне келген бір діндар адамды өлтіріп, тағы бір шіркеуде бірнеше адамды пышақпен жарақаттағаны болып отыр. Ол үшінші шіркеуге кіріп бара жатқанда ұсталған болатын. 1999 жылы Мысырдағы дінаралық қақтығыста 22 адам шейіт болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG