Accessibility links

М.Ходорковскийге түрмеде шабуыл жасалған


Қазір Сібірдегі абақтыда отырған Ресейдің ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михайл Ходорковскийге түрмедегі бір сотталған жұмаға қараған түнде пышақпен шабуылдаған деген ақпаратты, Ходорковскийдің адвокаты Юрий Шмидт сенбіде таратты. Қатты жарақаттанған Ходорковскийдің мұрнын түрменің медициналық бөлмесінде тіккен. Федералды түрме қызметі ол ақпаратты жоққа шығарды. Ходорковский салықтан жалтарған және алаяқтық жасады деген айыппен 8 жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG