Accessibility links

Ирақта қаза болған британ әскерінің саны 104-ке жетті


Британия қорғаныс министрлігі сенбі күні Ирақтың оңтүстігінде болған бомба жарылысынан британ сарбазы қаза болып, үшеуі жараланды деп хабарлап отыр. Бұл Британ әскерінің Ирақта соғыс басталғаннан бері көз жұмған 104-ші жауынгері екен. Сенбі күні Бағдадта мейрамхана жанында жарылған көлік жарылысынан кемінде 2 адам қаза тауып, 20 шақты кісі жараланды. Сонымен қатар, Бағдадта көліктері минаның үстіне келіп жарылған 3 ирақ әскері мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG