Accessibility links

Рамсфельдтің қызметінен кетуін талап еткен генералдар қатары көбейді


НАТО-ның 1999 жылдары бас қолбасшысы болған АҚШ генералы Веслей Клэрк АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдтің қызметінен кетуін талап еткендер қатарына қосылды. Сонымен 7 американдық генерал Рамсфелдьті Ирақтағы соғыс кезінде және басқа да әскери әрекеттерде дұрыс қолбасшылық жасай алмады деген сын айтып, оны қорғаныс министрі қызметінен кетсін деп отыр. Жұма күні АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд американдық генералдардың ол талабын қабылдамайтынын айтқан болатын. АҚШ президенті Джордж Буш болса Рамсфелдке өзінің толық сенетінін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG