Accessibility links

Драма қаласындағы драмалық оқиғадан кемінде 4 кісі құрбан болды


АФИНА. Грекия астанасы – Афинадан солтүстік-шығысқа қарай 680 шақырымдай қашықтықта орналасқан Драма қаласының маңында жолаушы поезы мен жүк мәшинесі қақтығысып қалып, кем дегенде 4 жолаушы мерт болды. Жергілікті өрт сөндірушілер бөлімінің өкілі хабарлағандай, апатқа ұшыраған поездан жолаушыларды құтқару әлі жалғасуда. Салоники мен Александрополи (Alexandroupoli) қалаларының арасында қатынайтын поездың ішінде қанша жолаушы болғаны белгісіз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG