Accessibility links

Иран АҚШ-тың өзіне қарсы соғыс ашуы – ешкімге пайда бермейді деп ескертеді


ТЕҺРАН. Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи, АҚШ пен Еуроодақтың қаржылай көмектерін тоқтатуына байланысты, Палестина автономиясының “Хамас” ұйымы жасақтаған үкіметіне Иранның ақшалай 50 млн. доллар көмек беретінін мәлімдеді. Оның алдында Иранның экс-президенті Хашеми Рафсанджани АҚШ Иранға қарсы оның ядролық бағдарламасына бола соғыс ашатын болса, ол бүкіл аймақтың шырқын бұзады деп ескертті. Кеше Сирияға сапары кезінде Рафсанджани АҚШ-тың ондай соққысы ешкімге пайда бермейтінін атап көрсетті. АҚШ Иранды ядролық қару шығаруды мақсат етеді деп айыптап келеді, бірақ оған соққы беру жоспары барлығын жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG