Accessibility links

Рим Папасы Иранның төңірегіндегі дағдарысты ақылмен шешуге шақырады


РИМ. Кеше дүние жүзінің католиктері мен Батыс елдерінің христиандары Пасха немесе Иса пайғамбардың қайта тірілген күні мерекесін атап өтті. Рим Папасы 16-нші Бенедикт Ватиканда дұға оқыды. Әулие Петр алаңына жиналған мыңдаған халыққа арнап оқыған дұғасында Рим Папасы Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты барлық жаққа да қолайлы тікелей де әділ келіссөз арқылы шешуге және Ирақтағы қантөгісті ертерек ауыздықтауға үндеді. Иерусалимдегі пасха мерекесіне 90 мың діндәр келді.
XS
SM
MD
LG