Accessibility links

Ирақтың саяси күштері енді өзара парламент басшылығы үшін таласып-тартысуда


БАҒДАД. Ирақтың жаңа үкіметін жасақтау мәселесі бойынша келіссөздің әлі нәтиже бермеуіне байланысты парламенттің бүгін – дүйсенбіге белгіленген сессиясы кейінгі ысырылды. Ресми өкілдердің хабарлауынша, шийт партияларының одағы Ибраһим Әл-Жаафариді премьер-министрлікке ұсынбауға келісті. Оған сүнниттер мен күрд лидерлері қарсы болып келген еді. Алайда тараптар енді жаңа парламенттің басшылығы үшін өзара таласуда. Ал осы кезде кеше Бағдад, Мосул, Махмудия және тағы басқа қалаларда түрлі жарылыс пен атыс болып, кемінде 30 кісі қаза тапты. АҚШ армиясы Әл-Анбар өлкесінде 3 әскери теңізшісінің қаза болғанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG