Accessibility links

2003-інші жылдан бері Канадада бесінші рет “сиырдың құтырған” оқиғасы тіркелді


Канаданың азық-түлік сапасын қадағалайтын агенттігі сиыр құтырған жаңа оқиғаның тіркелгенін растады. Бұл дерт – “Ұлттық бақылау бағдарламасының” барысында Канаданың “Британ Колумбиясы” деп аталатын өлкесіндегі 6 жастағы сауын сиырдан аңғарылды. Әйтсе де Канаданың ресми өкілдері бұл жайттың адамдарға қатер төндірмейтінін мәлімдеп отыр. Өйткені, бұл ірі қара мал сойылуға жіберілмейтін көрінеді. Бұл – Канадада “құтырған сиырдың” 2003-інші жылдан бері бесінші рет, ал биыл екінші рет тіркеліп отырған оқиға болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG