Accessibility links

Иран Палестина үкіметіне 50 млн доллар көмек беремін деп хабарлады


Иран сәуірдің 16-сы күні, Батыстың көмегі тоқтатылған Палестина үкіметіне 50 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді. Осыған дейін Құрама Штаттар мен Еуропа Одағы Хамас жетекшілік ететін жаңа үкіметке қаржылай қолдауын тоқтатқан болатын.

Иран елі Палестина үкіметіне 50 млн доллар көмек беруге сөз беріп отыр. Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки сәуірдің 16-сы күнгі Техранда өткен халықаралық конференцияның жабылуында, Иранның Палестина халқына көмек беретін қадамдары туралы мәлімдеді.

“Мен Палестина халқына көмек ретінде Иранның 50 млн доллар беретіні туралы хабарлау құрметіне ие болдым”.

Моттакидің сөзіне қарағанда, бұл Иранның палестиндықтарға достық ниеттегі сыйлығы болмақ деген, бірақ, ол қаржының қалай және қашан сол елге жететіні туралы айтпады.

Газадан Хамастың өкілі Сами Абу Зухри палестиналықтар бұл қаржылай қолдауға ризашылығын білдіреді деді:

“Бүгін Иран Палестина халқына қолдауы туралы жариялады. Біз Хамас қозғалысы Иранның қаржылай көмек жөніндегі шешімін бағалаймыз. Бұл араб пен ислам елдерінің қолдауы- Батыстың палестина халқына қолдауын шектегеніне табиғи реакция әрі Израйлдың Палестинаға басқыншылығына қарсы ұстаным екенін көрсетеді”, - деген Хамас өкілі.

Дубайдағы Шығанақ зерттеу орталығының аймақтық сарапшысы Мустафа Аланидың айтуынша, Иранның бұл қадамынан, Батыстың Хамас жетекшілігін оқшауландыру шешімі бұл аймаққа Иранның ықпалын өсіруге бастап отырғанын көруге болады:

“Бұның салдары сіз Хамасты қысу арқылы Иранның қолына салып бермекшісіз. Оның құны біраз уақыт палестина мәселесінде үлкен болып қалады. Қазір бұл ирандықтардың Хамасқа ықпалының негізгі бір түрі”.

Дүйсенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Моттаки, Палестинаның жаңа үкіметіне Ислам әлемін кеңірек қолдау танытуға шақырды:

“Халықаралық қауымдастық пен ислам әлемі палестинаның жаңа үкіметіне қазіргі проблемаларды еңсеру үшін көмектесуі керек”, - деген Иранның сыртқы істер министрі.

Алайда сарапшы Аланидың пікірінше, Араб елдері бұл аймаққа иран шиитерінің ықпалы өскеніне алаңдау керек. Оның айтуынша, стратегиялық мүдде діни емес қаржылай қолдауда:

“Мен Иранның бұл қадамын исламдық ынтымақтас деп қарамаймын. Мен оны Иранның стратегиялық шешімі деп қараймын. Мен бұл мәселе исламдық ниеттестіктен туды деп ойламаймын. Өйткені, Хамас Сүннит фундаменталистер қозғалысы. Иран шиит фундаменталистерінің мемлекеті. Сондықтан, мен мұнда көзқарастар тоғысы бар деп айта алмаймын. Бірақ, бұл жағдай діни маңыздылығынан гөрі стратегиялық болып отыр"- дейді, Дубайдағы сарапшы.

Таяу Шығыс бойынша сарапшы Мустафа Аланидың сөзіне қарағанда, Иранның Хамасқа ықпалының өсуі - Батыс үшін де, Араб елдері үшін де жақсы жаңалық емес. Иран Палестинаның жаңа үкіметімен жақынырақ ынтымақтастық құруды іздеген бұл аймақ сыртындағы жалғыз ел емес. Өткен аптаның аяғында Ресей елі де Палестина үкіметіне қаржылай қолдау танытуға уәде берген. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Палестина президенті Махмуд Аббаспен телефон арқылы сөйлескен соң, жақын уақытта өз елінің оларға шұғыл қаржылай қолдау білдіру мүмкіндігін айтқан болатын. Ресей сыртқы істер министрі ол жерде Ресей көмегінің нақты қанша болатыны жөнінде айтпаған.

Наурыз айында Ресей Хамас делегациясын Мәскеуде жоғары деңгейде қарсы алып, бұл топты халықаралық оқшауландыру әрекетін бұзған болатын. Бұл Ресей президенті Владимир Путиннің Таяу шығыстағы бейбіт процестегі Ресейдің ролін арттыру әрекеті болып көрінді.
XS
SM
MD
LG