Accessibility links

Баспасөзге шолу. 04.19.2006 жыл

  • Гүлмира ХАМЗА

Сәуірдің 19-күні жарық көрген қазақстандық басылымдар республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімет мүшелері және президент әкімшілігі басшылығымен кездескені жайында жазған. Кездесу барысында мемлекет жетекшісі республикадағы монетарлық және фискалдық саясатты қатаңдату керектігі жайында айтқан.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік шенеуніктерге жолдауды орындау жөнінде шешіліп жатқан әлеуметтік жәйттерді инфляция жеп қоя ма деп сұрақ қойғаны жайында сәрсенбі күні «Егемен Қазақстан» газеті жазыпты. «Республика экономикасы елеулі инфляциялық қысымды бастан кешуде (2002 жылдан 2005 жылға дейін 5,9-дан 7,6-ға дейін өсті, ал 2006 жылға дейін біз инфляция бойынша болжамды 7,6-ға дейін ұлғайтамыз). Теңгенің АҚШ долларына қарағанда нығаю үрдісі бар. Бюджеттік қаражатты игеру тиімділігі төмендеп барады. “Қызынудың” айқын белгілері байқала бастады. Мұндай жағдайда ұстамды фискалдық және қатаң монетарлық саясат жүргізу керек деп ойлаймын. Бұдан еш жаққа кете алмаймыз деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев» деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Монетарлық және фискалдық саясатты қатаңдату арқылы бюджет ақшасы үнемделіп, Ұлттық қордың қоржыны жинақталатыны туралы “Литер” басылымы жариялап отыр. Басылым президенттің Қорғаныс министрлігінің негізсіз шығынын ұлғайтып отырғаны туралы айтқан сөздерін келтірген. Сонымен қатар, президент шенеуніктермен кездесу барысында «министрліктер үйінің құрылысы бойынша шығындар 13 миллиард теңге. Ғарыштық бағдарламаны іске асыруға арналған шығындар 5 миллиард теңге болғанын» атап өткен. Өз сөзінде мемлекет жетекшісі шенеуніктерге жерлігікті, мекемелік мүддені қорғамай, мемлекеттік мүддені алдыға қою керектігін жеткізген.

Президенттің Астана шенеуніктермен болған кездесуін “Экспресс К” басылымы “Сәуір айының тезисі” деп атапты. Бұл мақалада шенуніктерге президент тарапынан айтылған мәселелер жайында толыққанды жазылған. Алдағы уақытта үкімет мүшелері президент айтқан тапсырмаларды орындауға кіріседі, деп жазылған басылымның соңғы санында.

«Президенттің ұлттық тарихындағы орны оның бүгінгі күндегі іс-әрекеттеріне байланысты» деген тақырыппен “Айқын” басылымы саясаттанушы Ерлан Қаринның сұхбатын жариялап отыр. Онда Ерлан Қарин мемлекеттік комиссияның жұмысы нәтижелі болғаны ең алдымен Қазақстан президентіне қажет дегенді айтқан. «Себебі, республикадағы күннен күнге дамып бара жатқан мәселелер не болсада президентке барып тіреледі, елдегі барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік, ішкі және сыртқы саясаттағы кез-келген саяси оқиғалардың барлығына елбасы жауапты ретінде қарастырылатын түсінік бар. Егер де мемлекеттік комиссияның жұмысы бұған дейінгі Тұрақты кеңес, Ұлттық комиссия сияқты жай ғана бір ойынның көрінісі болып қалса, бұл демократиялық және Конституциялық пікірталастарға емес, ең алдымен президенттің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін» деген өз сөзінде саясаттанушы Ерлан Қарин “Айқын” басылымына берген сұхбатында.

Үстіміздегі жылдың күз айларында Қазақстан президенті Қытайға баратыны жайында “Аргументы и Факты Қазақстан” басылымы жазып отыр. Басылымның хабарлауынша, мұндай келісімге Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қытайға барғанда қол жеткізген екен.
XS
SM
MD
LG