Accessibility links

Өзбекстан елімізде тұтқындар азапталмайды деді


Өзбекстан ішкі істер министрлігі елімізде тұтқындар азапталмайды, БҰҰ бұл жайында қате пайымдама жариялады деп мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Манфред Новак осы айдың басында "Азаттық" радиосына сұхбат беріп, Өзбекстан заң орындарында қамалған азматтар үнемі азапталады деп мәлімдеді. Өзбекстан ішкі істер министрлігі бұдан кейін жасалған сипаттамасында Манфред Новак елдегі жағдайды нақты білмейді деп отыр. Өзбекстан түрмелерінде азаптау кеңінен жасалады деп БҰҰ бұдан бұрын да айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG