Accessibility links

Ұлыбритания мен Голландия Ауғанстандағы әскерлер санын көбейтпекші


Ұлыбритания Ауғанстанның оңтүстігінде 5 мың әскерін орналастырып жатыр. Әскери күштер министрі Адам Инграмның айтуынша, Британия әскерлері Ауғанстан үкіметіне есірткімен күрес мәселесінде көмектесетін болады. Ауғанстанда қазір Ұлыбританияның бір мың әскері бар. Бұған қоса, Нидерланды елі де Ауғанстандағы әскерлер санын 1400-ден 1600-ге жеткізбекші.
XS
SM
MD
LG