Accessibility links

Өзбекстанда тағы бір халықаралық ұйым жабылды


БҰҰ-ның босқындар мәселелері бойынша агенттігі Өзбекстандағы кеңсесін жапты. Наурыздың 20-сында ресми Ташкент “бұл агенттік бір ай уақыт аралығында елден шығуға тиіс” деген талап қойған болатын. Өзбекстан билігі халықаралық агенттікті қылмыскерлер мен лаңкестерді қорғауда деп айыптады. Ал аталған агенттіктің Ташкенттегі кеңсесі Ауған босқындары мәселелерімен ғана айналысатындықтарын айтқан болатын. БҰҰ-ның босқындар мәселелері бойынша агенттігі Әндіжан қырғынынан кейін елден қашып кеткен Өзбек босқындарына көмектесіп келеді. Өткен жылдың шілде айында ресми Ташкенттің қарсылығына қарамастан 400-ден астам Өзбекстан азаматтарына Еуропа елдерінде саяси баспана берілген-ді.
XS
SM
MD
LG