Accessibility links

Украина министрі ТМД ұйымының жұмысынан ешқандай нәтиже жоқ деген пікір білдірді


Мәскеудегі бүгінгі бас қосуда, Украина сыртқы істер министрі Тарасюк бұрынғы советтік одақтан 12 ел мүше ТМД ұйымының жұмысы ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ деп мәлімдеді.

«Жүздеген қарар, шешім қабылданады, бірақ олар орындалмайды», - деді министр Тарасюк.

Ал ТМД бас дипломаттарының таңертеңгі отырысында, Украинадағы 1930-жылғы ашаршылық қырғынын - геноцид деп тану керек деген ұсынысты Грузия, Молдово, Әзербайжан қолдағанымен, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдері қарсы болыпты. Ресейлік министр Лавров ол ашаршылық салдарын саясаткерлер емес, тарихшылар зерттейтін сала депті. Геноцид мәселесінде Армения, Қазақстан, Тәжікстандық министрлер қалыс қалған. Ал сол қалыс қалған елдің бірі Қазақстанда 1930-жылғы ашаршылық кезінде, кей деректерге қарағанда, халықтың тең жартысы - 3 млн-дай адам аштықтан қырылған.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG