Accessibility links

Ирақ шииттерінің біріккен одағы премьер-министрлікке Жауад әл-Маликиді ұсынамыз деп келісті


Егер бұл кандидатураны парламент мақұлдаса, үкіметті жасақтап, Ирақта үш айдан бері жалғасқан саяси дағдарысты шешу мүмкіндігі туады. Қазіргі үкіметбасы Ибрагим әл-Жаафаридің осы қызметте қайта бекітілуіне күрдтер мен сүниттер қатты қарсылық білдіруде. Ирақ парламентінің кезекті мәжілісі тараптардың премьердің кандидатурасына байланысты бір мәмілеге келулеріне мүмкіндік беру үшін сенбіге шегерілген болатын. Парламент сессиясы бүгін ашылады.
XS
SM
MD
LG