Accessibility links

Мәскеу метросының Пушкинская станциясында бір армян азаматын белгісіз біреулер өлтіріп кетті


Мәскеу прокуратурасының мәлімдеуінше, жолдастарымен метро платформасында тұрған жас азаматқа шабуылдаған қылмыскерлер оқиға орнынан жасырынып үлгерген. Бірнеше жерінен пышақталған армян жігіті сол арада жантәсілім еткен. Осыған ұқсас бір жаңалықты Әзірбайжанның ақпарат агенттігі таратқан. Агенттіктің хабарлауынша, Уралдағы Жаңа Уренгой қаласында 21-сәуір күні әзербайжан азаматы өлімші етіп соққыға жығылған, құрбан болған адамның мәйіті бүгін Бакуге жеткізіледі. Ресейде соңғы кездері расистік тұрғыдағы шабуылдар жиілеп кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG