Accessibility links

Непал оппозициясы патша билігінің шектелуіне қол жеткізгенге дейін наразылық шеурлерін жалғастыра береміз деп мәлімдеп отыр


Кеше Непал астанасы Катмандудың көшелеріне жүздеген мың адам наразылық шеруіне шықты. Полиция патша сарайын қорғап, ереуілшілерге қарсы оқ атты, кемінде 100 адам түрлі жарақат алған. Бір күн бұрын Непал патшасы Гьянендра оппозициялық партияларға премьер-министрдің кандидатурасын атаңдар деп ұсыныс жасаған болатын. Алайда қарсыласушылар бұл ұсынысты жеткізіліксіз деп тауып, монархтың билігін шектейтін жаңа Конституцияның қабылдануын талап етуде. Патшаның абсолютті билігіне қарсы наразылық екі аптадан бері жалғасып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG