Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ирақтың жаңа үкіметінің құрыла бастауы ел үшін «маңызды кезең» деп атады


Вашингтонда журналистер алдында сөйлеген сөзінде Райс «бұл Ирақ үшін ең маңызды деген жақсы күн» деді. Жауад әл-Маликидің Ирақ үкіметінің басшысы болып таңдалуы – шииттер мен сүниттер, күрд топтары арасында бірнеше айдан бері қалыптасқан дағдарысқа өзіндік нүкте қойды десе болады. АҚШ Ирақтағы жаңа ұлттық біріккен кабинет ел ішіндегі бүлікшілер мен сектанттық қақтығыстарды тоқтатуға көмектеседі деп үміттенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG