Accessibility links

Иран ядролық ізденістері мен уранды байыту жұмыстарын жалғатыра береді


Бүгін Иран тағы да өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Бүгін өткізген баспасөз-маслихатында сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи Иранның ядролық ізденістері мен уранды байыту жұмыстарын жалғастыра беретінін атап көрсетті. Одан бұрын БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі ресми Теһранды уранды байыту өндірісін 28-інші сәуірден кешіктірмей доғаруға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG