Accessibility links

Православие христиандарының рухани жетекшілері бейбітшілікке шақырады


Бүгін бүкіл әлемнің 200 млн.-нан астам ортодокс және шығыс христианы Пасха мерекесін атап өтіп, дін жетекшілері бейбітшілікке шақырды. Стамбулда әлемдегі православие христиандарының рухани жетекшісі Патриарх І-інші Бартоломей Иса пайғамбардың қайта тірілген түніне арнап Әулие Георгий шіркеуінде дұға оқыды. Ол фанатизм мен адамның өміріне деген құрметтің жоқтығын сынға алды. Мәскеуде Ресей президенті В.Путин орыстың православие шіркеуіне бұрынғы моральдық құндылықтарды қалпына келтіруге тигізген септігі үшін ризалығын білдірді. Пасха мерекесі - Румынияда, Таяу Шығыстағы Иерусалим және Вифлеем қалаларында да атап өтілуде.
XS
SM
MD
LG