Accessibility links

Дж.Рид (британ қорғаныс министрі): “...әскер кемінде әлі 3 жыл Ауғанстанда қалады”


Бүгін Ауғанстанда кем дегенде 5 адам құрбан болды. Оның ішінде Кандагар өлкесінде тас жол салып жатқан құрылыс компаниясына шабуыл жасалып, шабуылдағандар 1 күзетшіні өлтіріп, жол салатын 14 техниканы қиратып кетті. Талибан қозғалысының 16 мүшесі тұтқындалды. Ал осы кезде Ауғанстанда сапарда жүрген британ қорғаныс министрі Джон Рид Кабулда: “...демократия жолымен сайланған Х.Қарзайдың үкіметімен қоян-қолтық іс атқару үшін келгенде біз сіздердің экономика мен қауіпсіздігіңізді нығайту арқылы егемендігіңізді қорғауға атсалысумен қатар, әлемнің қауіпсіздігін нығайту арқылы біз, сондай-ақ, өз халқымызды қорғаймыз”, деп мәлімдеп, британ әскерінің Ауғанстанда кем дегенде әлі 3 жыл қалатынын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG