Accessibility links

Батыс елдері ізіне түсе алмай жүрген Усама бин Ладин тағы да үн қатты


Бүгін арабтардың “Әл-Жазира” телеарнасы эфирге террористік “Әл-Жазира” ұйымының көсемі Усама бин Ладиннің дауысына ұқсайтын үндеуді берді. Үнтаспада бин Ладиннің мәлімдеуінше, “Хамас” ұйымы жасақтаған Палестина үкіметін Батыстың қаржылай көмегінсіз қалдыруы – Батыстың Исламға қарсы “крест жорығын” жариялауының тағы бір дәлелі болып табылады. Оның келесі айғағы ретінде “Әл-Қаида” лидері Ирақ пен Суданның Дарфур өлкесіндегі ахуалды атап көрсетті. Соңғы рет дәл осындай үндеу қаңтар айында жолдаған болатын. Ол жолы бин Ладиннің дауысына ұқсас үн АҚШ-қа жаңа соққы берілетінін мәлімдесе, сонымен бірге - бітімге келудің шарттарын ұсынған еді. Бұл үннің бин Ладинге жататынын растау мүмкін емес.
XS
SM
MD
LG