Accessibility links

Иранға қарсы санкция енгізіле ме?


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранның ядролық бағдарламасына орай Теһранға қарсы қатаң әрекет жасамаса, бұл кеңестің сенімділігіне байланысты күмән пайда болады деді. Бұл туралы Райс ханым Ирландияда мәлімдеді. Қауіпсіздік Кеңесі егер Иран уранды байыту ісін 28-ші сәуірге дейін тоқтатпаса оған қарсы санкция енгізілуі мүмкін деп ескерткен болатын. Ал президент Махмұд Ахмадинежад Иран жасырын түрде ядролық қару жасайын деп жатыр деген батыстың айыптауларын тағы да жоққа шығарды. Ахмадинежадтың айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейді. Бірақ Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіндегі мүшелігі ешқандай пайда бермесе Иран одан бас тартуы мүмкін деді Ахмадинежад. Теһранда өткізген баспасөз-маслихатында Ахмадинежад Израильді “жасанды мемлекет” деп атады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG