Accessibility links

Шығыс Еуропа елдерінен Орталық барлау басқармасының (АҚШ) құпия түрмелері табылды ма?


БРЮССЕЛЬ. “АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының Еуропада құпия түрмелері бар” деген хабарды тергеу үшін құрылған Еуропа парламентінің тобы бүгін Брюссельде өзінің бастапқы есебін береді. Бұл тергеу – адам құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен АҚШ тыңшылары өздерін ұстап алып кетіп, жәбірлеп-қинады деп арызданған адамдардың шағымдарынан туып отыр. Баспасөз құралдарында АҚШ-тың барлау қызметінің офицерлері “Әл-Қаида” тобына қатысы бар деген күдіктілерден Шығыс Еуропадағы құпия түрмелерінде жауап алып, оларды Еуропаның үстінен өтетін құпия әуе жолдарымен тасымалдады деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG