Accessibility links

“Әл-Қаида” тобының Ирақтағы лидері жаңа үкіметті АҚШ-тың “қуыршағы” деп бағалайды


БАҒДАД. АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, “Әл-Қаида” тобының Ирақтағы жетекшісі Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің кеше Интернеттен шыққан бейне-көрінісі түпнұсқаға ұқсайды. Интернеттен кеше берілген бейнесюжетте Әз-Зарқауи Ирақтың жаңа үкіметін “Американың қуыршақ үкіметі” деп айыптады. Сонымен қатар ол Ирақтағы лаңкестік шабуылдардың жалғаса беретінін мәлімдеді. Одан 2 күн бұрын ғана “Әл-Қаида” лидері Усама бин Ладиннің таспаға жазылған дауысы пайда болды және оның ізінше Мысырда қатарынан 3 жарылыс болып, көп адам қаза тапты. Әз-Зарқауи бейнеленген сюжет Интернеттен Ирақтың жаңа премьер-министрі Джауад Әл-Маликидің теледидардан ұлттық бірлік үкіметін жасақтайтынын хабарлап тұрған кезінде шықты.
XS
SM
MD
LG