Accessibility links

Палестина үкіметі 165 мың жұмысшының айлық жалақсын неге төлей алмай отыр?


РАМАЛЛА. “Хамас” тобы тағайындаған Палестинаның қаржы министрі Омар Абдиль Разиқтың мәлімдеуінше, халықтың мұқтажына қажетті миллиондаған доллар қаражат Мысыр банктерінде жатыр, бірақ АҚШ-тың қысымынан сескенген банктер ол қаржыны бермей отыр. Министр қаржы-қаражаттың Иордан өзенінің Батыс жағалауы мен Газа аймағы үшін проблема болып отырғанын айтады. Өткен айда ғана экстремистік “Хамас” тобы жасақтаған Палестина үкіметі Израиль мен Батыс елдерінің қысым көрсетуі нәтижесінде қаржыдан зор тапшылық көруде. 1-інші сәуір күні Палестина үкіметі 165 мың жұмысшының айлық жалақысын төлей алмады және келесі аптада тағы да жалақы төлеуге тиіс.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG