Accessibility links

Баспасөзге шолу. 04.26.2006 жыл


Сәуірдің 26 күні жарық көрген қазақстандық басылымдар Чернобыль АЭС-індегі апатқа 20 жыл толғаны жайында жазған. Мемлекеттік басылымдар Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер жетекшілерінің осы оқиғаға байланысты үндеуін жариялаған, ал кейбір басылымдар апат салдарын жойған азаматтар мен олардың отбасы туралы сөз қозғаған.

“Егемен Қазақстан” газеті сәрсенбі күнгі санында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер жетекшілерінің үндеуін жариялаған. Бұл үндеуді мемлекет басшылары әлем жұртшылығына және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттер халқына арнаған. Онда Чернобыль атом электр стансасындағы апатқа 2006 жылғы 26 сәуірде 20 жыл болады. Бұл-залалының ауауқымы мен салдары бойынша 20 ғасырдың ең ірі техногендік радиациялық жойқын апаты, делінген. Чернобыль апатының бұрын-сонды болмаған салдарын, олардың адамдардың көптеген ұрпақтарына әсерін түсініп, Чернобыль АЭС-індегі жойқын апаттың салдарынан қаза тапқандардың жарқын бейнесін және денсаулығынан айырылғандары құрметпен еске түсіре отырып, біз оның салдарын барынша азайту үшін барлық күш-жігерді жұмсаймыз деген өз табандылығымыз туралы мәлімдейміз, делінген “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған үндеуде.

“Экспресс К” басылымы сәрсенбі күнгі санында 20 жыл бұрын Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жою жұмыстарына қатысқан азаматтың естелігін жариялаған. 1986 жылдың күзінде Чернобыльге атанған азамат үйіне 1987 жылдың көктемінде оралған. Өз әңгімесінде Александр Каминский Чернобыль төңірегінде Кеңес Одағы кезінде мамандар төтенше жағдайдың алдын алу үшін жедел түрде қажетті шараларды іске асырды деп, өтірік көп айтылған. Мәселен, Чернобыльға келген Тәжік азаматтарына Молдовада болған жерсілкінісі зардабын жоюға барасындар, еңбектерің үшін үш есе артық ақша аласындап деп уәде еткен. Шын мәнісінде олар Кеңес Одағы мен Еуропа елдеріндегі азаматтарды радиациялық өлімнен аман сақтап, тозақтың тесігін жапты, осы мақсатта олар өз денсаулығы мен өмірін құрбан етті. Мұндай құрбандыққа бару үшін олар алдын ала келісімге келмей, шартқа да қол қоймаған деп, жазады Александр Каминский. Чернобыль апатының зардабын жою үшін 32 мыңға жуық қазақстандық азамат қатысқан, олардың қазіргі кезде 7 мыңға жуық адамы ғана тірі жүр деп, жазған Александр Каминский “Экспресс К” басылымының соңғы санында.

Чернобыль апатын “Аргументы и Факты Казахстан” басылымы да атап өткен. Бірақ бұл басылым апаттың салдарын жойған азаматтар жайында емес, олардың жесір әйелдері мен жетім қалған балалары туралы сөз қозғаған. Чернобыль апаты болған бір жарым жылдан кейін апат салдарын жойған 49 сың адам қайтыс болған, 15 мың адам мүгедек болып қалған. Жыл сайын Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерде чернобыль ардегері атанатын 40 мың адам көз жұмады. Қазақстандық азамат Вакиля Ғатулинаның жолдасы құрылысшы болып жұмыс істеген, 43 жасында Чернобыльге кеткен, үш айдың ішінде ол ауру болып келіп, 55 жасында қайтыс болып кеткен. Бүгінгі таңда Алматыда Чернобыль апатын жойған азаматтардың әйелдерін біріктіретін қозғалыс жұмыс істейді, онда 30- дан астам әйел бар. Бұл әйелдердің бірі өзінің қызын жолдасы Чернобыльға кеткенде босанған, бірақ сол кеткеннен ол жаңа туылған қызын көрмей, қайтыс болып кеткен деп, жазады “Аргументы и Факты Казахстан” басылымы сәрсенбі күнгі санында.
XS
SM
MD
LG