Accessibility links

Белорус астанасында Чернобыль апатының 20 жылдығына арналған жиын өтті

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Беларустықтар сәрсенбі күні Минскіде Чернобыль оқиғасының 20 жылдығына байланысты жиын өткізді. Минскідегі осы жиынның тағы бір маңыздылығы бар. Яғни президенттік сайлаулар қорытындысына наразылық ретінде болған, наурыздың 25-індегі шерулерден кейін осы басқосу орын алып отыр.

Беларус азаматтары Минск көшелеріне шығып, сәрсенбі күні Чернобыль атом электр бекеті апатының 20 жылдығын атап өтісті. Бұл оқиғаға орай мұндай жиын аталған елде жыл сайын өткізіліп келеді. Ел билігі жиынды өткізуге рұқсат берді. Алайда, шерушілер жоспарлағандай, Октябрьская алаңында өтуіне тиым салды. Оппозиция тұлғаларын ел билігінің тәртіпке шақыруын жалғастырып отырғандығына қарамастан халық көшелерге сәрсенбі күні шықты. Біріккен оппозиция одағынан президенттік сайлауларға үміткер боп қатысқан Александр Милинкевичтің бір өкілі сәуірдің 25-і күні, Гомель аймағында 10 күнге түрмеге жабылды. Ал, наурыздың 19-дағы президенттік сайлаулар қорытындысына наразылық шеруіне қатысқаны үшін түрмеге жабылған азаматтар әлі күнге дейін сонда отыр.

Беларустағы тиым салынған Весна атты адам хұқықтарын қорғау ұйымының басшысы Алес Белячкиждің айтуынша, сол наурыз сайлауларына наразылық шаралары барысында барлығы 1200-дей адам қамауға алынған. Олардың көпшілігі 15 күнге отырып шыққан. Ал, қылмыстық айыптар тағылғандары әлі түрмелерде отыр. “Олардың шамамен, кем дегенде төрттен үші, яғни 75 пайызы - жастар. Қылмыстық іс қозғалғандар жағдайы да- осы шамалас. Олардың көпшілігі-жастар”, деді Белячкиж.

Қудалауға ұшырағандардың хұқын қорғау комитетінің басшысы Ина Кулеждің айтуынша, түрмедегі 11 азамат аса қатаң шараларға кезігіп отыр. Олардың бірі Артур деген студентке 16 мың доллар айып-пұл салынып, сондай-ақ жеңіл түрме жазасы белгіленіп отыр. Ол қабырғаға “Біз жаңалықты қалаймыз” деп жазған екен. Бостандыққа жіберілген студенттердің жағдайы да оңай емес. Олардың кейбірін ресми өкілдер көпшілік алдында өз істері үшін өкініш білдіруге күштеген. Сондай-ақ 20 шақты студент оқудан шығарылған. Белячкиж бұл жөнінде былай дейді. “Біздегі бар мәліметтерге қарағанда, шеруге белсенді түрде қатысқан 20 шақты студент университеттерден шығарылған. Олардың оқуларын шетелдерде жалғастыруына мүмкіндіктер іздестірудеміз”, деді ол.

Польша мен басқа да Батыс елдерінде ол студенттердің оқуларын жалғастыруы мүмкін екендігін білгеннен кейін Беларус билігі оларға қарсы жазалау шараларының пішінін өзгертіп отыр. “Қазір де қуғындау жалғасуда, бірақ жасырын түрде. Оқудан шығарылғандар тізімі күн сайын өсе түсуде. Алайда оның себептері - сабаққа қатыспау немесе жатақхана тәртібін бұзу деген сияқты сылтаулармен ойдан құрастырылуда”, дейді Кулеж.

Шерулерге қатысқан көптеген студенттер өздерінің нысанаға алынғандарын сезеді екен. Мысалы, Ирина деген студент 10 күнге қамалып шыққан екен. Ол оқитын Технология коллежінің басшылары оған оқудан өз еркімен шығауға арыз бер, деп қысым көрсеткен. Ирина ұсынысты қабылдамаған. Қазір өзіне профессорлар мен студенттер көзқарасының өзгергенін де ол сезеді екен. Осындай жағдайға тап болған Велерия деген қыз да саяси көзқарасы үшін жазалануға барынша қарсыласатындығын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG