Accessibility links

Беларусь оппозициясы А.Лукашенконы билік түсіру бастамасына кіріспекші


КИЕВ: Кеше Украина мен оған көрші елдер Чернобыль апатының 20-жылдығына арналған шара өткізіп, оның құрбандарына тағзым етті. Апат болған аймаққа украин президенті В.Ющенко да келді. Жиналған халықтың алдында сөйлеген сөзінде ол: “Сіздердің жүздеріңізге қарап мен біздің болашағымыз бен өміріміз үшін осыдан 20 жыл бұрын құрбан болған украин қаһармандарын есіме аламын. Олардың ерлік істері біздің өмірімізбен мәңгілік сақталатынына мен сенемін”, -деп атап көрсетті. Беларусь астанасында, милицияның орталық алаңды қоршап алуына қарамастан, осындай рәсімге 10 мыңға жуық оппозиция өкілі шықты. Оппозиция лидері А.Милинкевичтің айтуынша, алаңның қоршалуы – биліктің қорыққанын байқатты, ал наразылық шарасы жалғаса береді. Милинкевичтің өкілі хабарлағандай, қауіпсіздік күштері кемінде 12 адамды, оның ішінде оппозицияның көрнекті бір қайраткерін ұстады.
XS
SM
MD
LG