Accessibility links

АҚШ Орта Азия елдерінен Үндістан мен Пәкістанға энергия көзін тасымалдайтын алып жоба жасайды


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша орынбасары Ричард Баучердің мәлімдеуінше, АҚШ электр қуатын Орта Азиядан Ауғанстан территориясы арқылы Үндістан мен Пәкістанға жеткізетін орасан зор жобаны жасайды. Бұл идеяны Р.Баучер кеше АҚШ Конгресінде болған тыңдау барысында естіртті. Оның айтуынша, Қазақстанның Алматы қаласы мен Делидің аралығын қамтитын бұл жоба Қазақстан мен Түркіменстанның мұнайы мен газына және Тәжікстан мен Қырғызстанның су-электр қуатына сүйенеді.
XS
SM
MD
LG