Accessibility links

НАТО АҚШ-қа Ауғанстандағы әскерін 16.500-ге дейін қысқартуға жағдай жасайды


СОФИЯ. Болгария астанасы – Софияда бас қосқан НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бүгін Ауғанстандағы әскерінің қатарын кеңейтуге соғыс одағының дайын екенін тағы да растауға тиіс. НАТО-ның айтуынша, әскердің кеңейтілуі АҚШ-қа Ауғанстандағы әскерін биыл 19 мыңнан 16 мың 500-ге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Кеше НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер Ауғанстандағы миссиясы жайында: “Өз міндеттемеміздің айғағы ретінде таяуда Ауғанстанда НАТО-ның 15 мыңнан көп әскері болады... Біз өз миссиямызды толық орындауға бел буып отырмыз”, -деп мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық қауымдастықтың ұзақ мерзімді қамтитын бірлескен іс-әрекеті ғана Ауғанстанда өз жемісін береді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG