Accessibility links

Жаңа премьер-министр үкіметке ар-ұжданы таза мүшелерді тағайындайды


Ирақтың жаңа премьер-министрі Нури Әл-Малики жаңа үкіметті жасақтауға тиянақты кіріскен сияқты. Кеше Ән-Наджаф қаласында Әл-Мәлики елдегі шийттердің рухани жетекшісі аятолла Әли Ас-Систанимен келіссөз өткізді. Оның ізінше аятоллының кеңсесі премьер-министрдің іс-қимылын мақұлдап, оны үкімет құрамына абыройы бар және ар-ұжданы таза мүшелерді алуға шақырғанын хабарлады. Ас-Систанимен кездесуінен кейін Әл-Мәликидің өзі: “Біздің атқарып жатқан ісімізді дін басылары мен барлық халық қолдайды. Өйткені, қару-жарақ үкіметтің қолында болуға тиіс. Себебі, ол барлық Ирақ халқын қорғауға жауапты. Оған қарсы болғандар заңды бұзады”, деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG