Accessibility links

Екі күйеумен бірге тұрып жатқан Түркіменстанның мәдениет министрі қызметінен алынды


Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов елдің мәдениет және ақпарат министрі Марал Башаеваның қос күйеуі болғаны үшін қызметінен алды. Мемлекеттік телеарнадан берілген президенттің жарлығында ол Башаева өз жұмысына жауапты бола алмады деген. Бірақ, Ниязовтың мәдениет министрін орнынан кетіруге басқа себептер негіз болғаны телеарна арқылы былай берілген:

“Екі күйеуі бар адам мәдениет министрі бола алмайды. Әрине, егер сен бір күйеуіңнен ажырасқың келіп, екіншісімен келісіп жатсаң - ол сенің жеке мәселең. Бірақ, егер сен өз беделіңді сақтағың келсе, сен тек бір күйеумен ғана болуың керек. Біз сізге, Марал, сізді қызметіңізден аламыз деп айтқымыз келеді”, - деген президент Ниязов.

Түркіменстанның жаңа мәдениет және ақпарат министрі болып елдегі бұрынғы сауда орталығының басшысы Енебай Атаева тағайындалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG