Accessibility links

Бүгін Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев Ақ Үйде президент Джордж Бушпен кездеседі


Алиевтің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Новруз Маммадов, алдағы сөйлесулер терроризмге қарсы соғыстан бастап Әзірбайжандағы демократияның дамуына дейінгі тақырыпта болады деген. Алиев өз кезегінде, Иранның ядролық дағдарысы жөнінде үлкен әңгіме болмайтын шығар деп айтқан. Уашингтондағы саяси байланыстар кеңесінде сөйлеген сөзінде Алиев, Құрама Штаттар Иранға қарсы қандай да бір әскери әрекеттері үшін Әзірбайжан аймағын пайдалана алмайды деген.

“Бізде Иранмен өз елдеріміздің территориясын бір-бірімізге қарсы қауіпке пайдалануға болмайтын екі жақты келісіміміз бар. Сондықтан, бұл өте түсінікті және сол себепті біздің байланысымыз халықаралық келісімдермен реттеледі”, - деді Әзірбайжан президенті.

Вашингтондағы сапары барысында Әзірбайжан президентінің АҚШ билігі ресмилерімен және Конгрес мүшелерімен кездесулері жоспарлаған.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG