Accessibility links

Өзбекстан "Амнести интернешнл" ұйымының сынын қабылдамады


Өзбекстан прокуратурасы "Амнести интернешнл" ұйымының сынын қабылдамаймыз, сын орынсыз айтылған деп мәлімдеді. "Амнести интернешнл" адам құқықтарын қорғау ұйымы Өзбекстан заң жүйесін, өлім жазасын қолдану барысын сынаған, Өзбекстан соттарында коррупция көп деген. Өзбекстан прокуратурасы бұл сөздің ешқайсымен келіспей отыр. Дегенмен, Өзбекстан прокуратурасы рас, өліммен жазаланатын адамдардың қайда жерленгені туған-туыстарына ешқашан айтылмайды деп мойындады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG