Accessibility links

Ауғанстанда Үндістан азаматының мәйіті табылды


Ауғанстан полициясының хабарлауынша, кепілдікте ұсталған Үндістан азаматының мәйіті елдің Забул провинциясында табылған. Үндістан премьер-министрі Манмоһан Сингх кеңсесі бұны “адамгершілікке қайшы әрекет” деп атады. Ауғанстан президенті Хамид Карзай да бұл оқиғаны айыптады. Құрбан болған Үндістан азаматы Қандағар мен Кабулдың арасындағы жолда жұма күні ұрланған болатын. Бұл оқиғаға байланысты жауапкершілікті “Талибан” қозғалысы өз мойнына алды. Ауғанстанда екі жылға түрмеге жабылған американдық журналист бүгін азат етілді. Журналист Эдуард Карабеллоға Кабулдағы заңсыз жеке түрменің жұмысына қатысқан деген айып тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG