Accessibility links

АҚШ Теһранның жаңа ұсынысын қабылдамады


Президент Махмұд Ахмадинежад егер халықаралық қауымдастық Иранның ядролық технологиямен айналысуға хұқы бар екенін мойындамаса, онда Теһранның даулы ядролық бағдарламасына байланысты келіссөз өткізбейміз деді. Иран сыртқы істер министрлігі өкілі Хамид Реза Асефи Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы әрекет жасаса, Теһран да жауап береді деп мәлімдеді. Ал бұның алдында Иран өкілі Моһаммад Саеди егер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иран мәселесін Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіне қайтарса, онда Теһран ядролық нысандарын тексеруге рұқсат береді деген болатын. АҚШ-ы Теһранның бұл ұсынысын қабылдамады. Ақ Үй өкілі Блэйн Ретмейер Иран уран байыту ісін тоқтатуы керек, Иранға байланысты Қауіпсіздік Кеңесіндегі жоспарымыздан бас тартпаймыз деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG